Оралбаева Таңшолпан Қайратқызы Оралбаева Таңшолпан Қайратқызы жоғарғы маман иесі. Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін 2016 жылы бітіріп, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алған.
Педагогика саласында соның ішінде мектепке дейінгі білім беру ісі бойынша 10 жыл жоғарғы оқу орнын оқып, ізденісте жүрген білікті маман.
Осы салада жұмыс жасай келе көптеген жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырған.
2013 жылы арнайы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында мектепке дейінгі біліктілікті арттыру курсын оқыған.
2018 жылы мектепке дейінгі білім саласында үздік көрсеткіштері арқасында қалалық Білім басқармасы басшысының қолынан алғыс хат алып, марапатталған.
2018 жылы балабақша тұрғысында біліктілікті арттыру мақсатында «Өрлеу» ұлттық орталығында тәлім алып, біліктілігін арттырған.
2021 жылы «Үздік педагог» атты халықаралық сайысқа қатысып төс белгімен марапатталған.
2022 жылы біліктілігін арттырып, «Педагог - модератор» категориясын алған.
2022 жылы Шымкент қаласының білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
2023 жылы білімін арттырып, «педагог сарапшы» категориясын алған.
2023 жылы Шымкент қалалық білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Осы мектепке дейінгі білім беру жолында көптеген зияткерлік,шығармашылық,көркемдік байқауларға қатысып,жүлделі орындармен марапатталған.
2021 ж. 11.11. нен 2022 ж. 10.02. дейін аралығында үш айлық қайта мамандану мамандығы бойынша ОӨО «Маман-Специалист» оқу орталығында қайта маманданудан өткен. Мектепке дейінгі әдіскер мамандығы берілген.
Балабақша ісіне көп үлес қосып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерді көптеген қалалық, халықаралық, республикалық семинарларға, байқауларға, зияткерлік сайыстарға, олимпиада және турнирлерге қатыстырып жүлделі орындарға ие болуға ат салысуда.
Тәрбиешілерге бағыт бағдар көрсетіп, жылдық жоспар құруда, балалармен жұмыс жүргізуде әдістемелік бағдар беріп отыр.
Осы еңбек жолында әлі де жететін жетістіктері көп болатынына сенімдіміз.