Умаралиева Азима Сайрамбековна Білімі: Жоғары
-2012 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті
Мамандығы : Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Жалпы еңбек өтілі : 28 жыл
оның ішінде педагогикалық өтілі : 10 жыл
"Бақыт-Жан" бөбекжай-бақшасысына 02.07.2012 жылы меңгеруші болып тағайындалды.
Умаралиева Азима Сайрамбековна мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы және басшысы, және мамандандырылған педагог болып табылады. Өзінің қызметі - мектепке дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру міндетін шешуге бағытталған. Ол балабақшада педагогикалық және гигиеналық талаптарға толық сәйкес білім тәрбие процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Ұжымда іскерлік, мақсат қоя білушілік және ынтымақшыл жағдай туғызып, оған жалпы басшылықты жүзеге асырып отыр. Өзінің қызметін үш бағытта- тәрбие мен методикалық жұмысқа басшылық ету, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу, отбасымен жұмыс жүргізіп, ата-аналар мен қалың бұқара арасында педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру бағытында жүргізуде.