№42 «Толағай» бөбекжай бақшасы меңгерушісі
Жанат Каршибаевна Раимова
Шымкент қаласы №42 «Толағай» бөбекжай -бақшасының меңгерушісі Жанат Каршибаевна Раимова 2001 жылы Гүлістан мемлекеттік университеті (Өзбекстан) филология факультеті қазақ тілі және әдебиеті мамандығын бітірді.
Алғашқы жұмыс өтілін Мақтарал ауданындағы «Қуаныш» балабақшасында 03.02.2003-05.04.2010 жыл аралығында тәрбиеші кейіннен әдіскердің қызметінде,
20.05.2010 – 31.08.2011 жыл аралығында Мақтарал ауданының білім бөлімінде тәрбие саласында,
09.09.2011 - жылы Шымкент қаласы №89 жалпы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды.
20.01.2014- 04.03.2022 жыл аралығында №46 «Ақбөпе» бөбекжай-бақшасының» меңгерушісі қызметін атқарды.
04. 03.2022жылдан бастап №42 «Толағай» бөбекжай-бақшасында меңгеруші қызметін атқаруда.
Аталмыш бөбекжай балабақшасының педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері аймақтық, қалалық, облыстық байқауларға қатысып бас жүлделерге ие болуда. Педагог кадрлары аймақтық, қалалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралардан алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдарға қол жеткізуде. Жалпы №42 «Толағай» бөбекжай –бақшасының» педагог қызметкерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде ізденісі алға қойылған мақсаты мол.
Раимова Жанат Каршибаевна мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларының біліктілік арттыру курсына қатысып сертификаттарға және аймақтық, Абай ауданының әкімінің, Қаратау ауданының әкімінің, Оңтүстік облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алғыс хаттарына ие болды.
Раимова Жанат Каршибаевнаның мінезіне келер болсақ өте байсалды, өз ісіне берік тиянақты. Мінезі ашық, қарапайым, шығармашыл,еңбек сүйгіш. Барлық нарсені ақылмен сабырмен орындайды. Өз ортасында қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды.
Раимова Жанат Каршибаевна атқарып отырған қызметіне лайық.
Бұл мінездеме, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваға беріледі.
Всего записей: 0
Сұрақ қоюшының аты-жөні: *

Сұрақ тақырыбы:

Сұрақ: *


Қойылған сұрақтар саны