«Жамал» мектепке дейінгі шағын орталығы жеке мекемесі
Елубасиева Зумрат Бекшораевна Елубасиева Зумрат Бекшораевна- меңгеруші. 22.07.1962 жылы Кентау қаласында дүниеге келді. 1977-1981 жылдар аралығында Түркістан педучилищесінде оқыды, 1982-1987 жылдар аралығында Қызылорда қаласында пединститутта оқыды.1984 жылдан бастап қазіргі кезге дейін мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші, әдіскер қызметінде істеді. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2017 жылы «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», шымкент қалалық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұлы, олардан немерелер сүйген. Аяулы жар, мейірімді әже, жаңашыл әріптес.