«Рахима Бегим» бөбекжай-балабақшасы» жеке мекемесі
Ильясова Зухра Хабибуллақызы Ильясова Зухра Хабибуллақызы 1958 жылы 10 ақпанда Сайрам ауданы Ворошилов бөлімшесінде дүниеге келген.
1965 жылы №35 Ворошилов атындағы мектепке барып, 1975 жылы тәмамдап шығады. Осы жылы аталмыш мектепке лаборант етіп қабылданды.
1979 жылы Ташкент қаласындағы педагогикалық училищеге түсіп, 1982 жылы бітіріп шықты. 1980 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 1983 жылы Ленинабад қаласындағы Мектепттік Университетінің математика факультетіне түсіп, 1988 жылы аяқтады. 1999 жылы №34 Х. Әлімжан атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметіне ауысты. 2000-2002 жылдары Шымкент Университетінің тарих-география факультетінде оқып, білім алды. 2002 жылдан бастап №34 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2008 жылдан Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. 2011 жылы қалалық Өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған Әйелдер кеңесінің төрайымы етіп сайланды. 2012-2017 жылдар аралығын №85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие завуч болып қызмет атқарды. 2017 жылы зейнеткерлікке шықтым. 2021 жылы «Рахима Бегим» жеке меншік балабақшасында меңгеруші қызметін атқаруда. Отбасылы. Жолдасы, бір ұл, екі қыз, сегіз немере, үш шөбересі бар.