Эльмира Ермаханқызы Тлеукеева Эльмира Ермаханқызы Тлеукеева – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының тумасы.
М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институты 1992 жылда бітірді, мамандығы «Математика, информатика және есептеу техникасы» пәнінің мұғалімі.
2004 жылда Қарағанды экономикалық университетін бітірді, мамандығы «Юриспруденция, Заңгер».
Наградтаулар, көтермелеулер:
1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж) мерекелік медаль.
2. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021ж) мерекелік медаль.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің АЛҒЫС ХАТЫ (2022ж)
4. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медаль (2014ж.).
5. «Ы.Алтынсарин» белгісі (2011ж. ҚР Білім минстрілігі).
6. «Ұлағатты ұстаз» төс белгісі (2014ж.).
7. Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі Бірінші Вице-министрі Н.Жумадильдаеваның АЛҒЫС ХАТЫ (2024ж).
8. Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Е.Кошановтың АЛҒЫС ХАТЫ (2022ж).
9. Түркістан Облысы әкімінің ГРАМОТАСЫ (2024ж).
10. Сайрам ауданы әкімінің АЛҒЫС ХАТЫ (2023ж.)
11. Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысының АЛҒЫС ХАТЫ (2024ж).
Еңбек жолы:
1992 жылы - Шымкент қаласы № 50 орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі.
1995 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің жанындағы оқу-әдістемелік орталығы математика пәнінің әдіскері.
1997-2000ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің жетекші, бас маманы.
2001 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі аппараты қоғамдық-саяси бөлімінің бастығы.
2002 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаментінің бас маманы.
2004 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаменті ұйымдастыру-кадрлық және іс-қағаздарды жүргізу бөлімінің бастығы.
2005 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
2006 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, жектекші маманы .
2007 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы әкімшілік бөлімінің бастығы.
2008- 2016 ж.ж. аралығында Шымкент қаласы Білім бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2017-2020 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағытының маманы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің сарапшысы, Шымкент қаласының Статистика департаменті басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2020-2022 ж.ж. - Сайрам аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2022-2024 ж.ж. -Сайрам ауданының әкімі аппаратының бас инспекторы, Шымкент қаласының білім басқармасы қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің бас маманы.
2024 жылдың 1 қарашысынан бастап 2025 жылдың наурызға дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
Эльмира Ермаханқызы мол тәжірибесі мен білім саласындағы еңбегі №41 «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз.