Шымкент қаласының білім басқармасының №38 "Қуаныш" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Джанабаева Гульмира Мустафаевна Мен, Джанабаева Гульмира Мустафаевна 1969 жылдың 01 мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы , Сайрам ауданы, с.Ақсукент. Әкем Джанабаев Мустафа - МАИ қызметкері болған. Анам үй шаруасында болған. Отбасында 5 қыз, 2 ұл тәрбиелендік. Бауырларым жоғары білімді азаматтар.
1976-1986 жылдары Сайрам ауданы Қасымбек датқа (Көмешбұлақ) ауылы, Тіленшин (№17 Портсъезд) мектебінде білім алдым.
1993-1998жж. , М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында оқыдым.
Жұмыс атқарған мекемелерім:
28.10.1987- 28.06.1991жж. - Шымкент қ. № 17 «Достық» б/б тәрбие көмекшісі
28.06.1991- 02.11.1992жж. - Шымкент қ. №17 «Достық» б/б тәрбиеші
02.11.1992- 09.09.1996жж. - Шымкент қ. №17 «Достық» б/б әдіскер
09.09.1996- 09.01.2008жж. - Шымкент қ. №17 «Достық» б/б меңгеруші
09.01.2008- 10.06.2008жж. - Шымкент қ. №3 «Динара» б/б меңгеруші
10.06.2008- 04.03.2022жж. - Шымкент қ. №97«Ақмарал» б/б меңгеруші
04.03.2022-қазіргі уақытқа дейін - Шымкент қ. №38«Қуаныш» б//б меңгеруші
Жетістіктерім:
2009 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие стандарты деңгейінде жаңа технологияны қолданудың маңызын Республика көлемінде тәжірибелі насихаттағаны» үшін облыстық білім департаментінің бастығы Б.Көмекбаева марапатталдым.
2009 жылы Құрмет Грамотасын алдым.
2010 жылы Құрмет грамотасына ие болдым.
2010 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталдым.
2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығы» мадақтамасына ие болдым.
2011 жылы ОҚО және Шымкент қалалық білім саласы қызметкерлерінің қамқорлық ассоциациясы атынан мадақтама алдым
2011-2012жылы «Нұр Отан » Халықтық демократиялық партиясының Еңбекші аудандық филиалы атынан мадақтама
2012 жылы Мәскеу қаласындағы бүкіл Ресейлік форумда «Открытый диалог» компаниясы атынан дипломмен марапатталдым.
2013 жылы «Нұр Отан » Халықтық демократиялық партиясының Еңбекші аудандық филиалы атынан және Еңбекші ауданы әкімі атынан алғыс хатпен марапатталдым.
2013 жылы Б.Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен
2013 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталдым.
2021жылы Әдістемелік орталығынан «Құрмет грамотасын» алдым
2022 жылы Шымкент қаласы Білім басқармасынан «Алғыс хат» алдым
2022 жылы «Нурсултан» Республикалық әдістемелік және білім беру орталығы «Құрмет Грамотасы»-мен марапатталдым.
2022 жылы Еңбекші ауданының әкімінен «Алғыс Хат» алдым.
2022 жылы Шымкент қаласының мәслихатынан «Алғыс Хат» алдым.
Отбасылымын, жолдасым – Мамурбаев Р.Х. 1963 ж.т. – ауған соғысы ардагері, қызым Джанабаева А. Р. – Алматы қаласы «Халықаралық бизнес» университеті 4-курс студенті. Ұлым - Джанабаев С.Р. – 2 сынып оқушысы.