Усенова Раушан Шортановна Мен Усенова Раушан Шортановна 1977 жылы 13 қыркүйекте Ордабасы ауданы Бадам елді мекенінде дүниеге келдім.
1994 жылы «Бадам» орта мектебін бітірдім.
1998 жылы тұрмыс құрдым, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмын.
2005 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-тін бітіріп, тарихшы біліктілігін алдым.
2007 жылы Шымкент қаласындағы «Мерей» экономика және сервис колледжін бітіріп, «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігін алдым.
2000-2003 жж Ордабасы ауданы, Бадам елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы негізгі мектебінде Бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым.
2003-2004 жж Алматы қаласындағы МКҚК №297 бөбекжай балабақшасында тәрбиеші қызметін атқардым.
2005-2013жж Шымкент қаласындағы №74 «Айдана» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші қызметін атқардым.
2013-2014 жж Шымкент қаласындағы «Алтынай» бөбекжай балабақшасында меңгеруші, әдіскер қызметін атқардым.
2016 жылдан бері Шымкент қаласындағы «Хансултан и К»«Балауса» бөбекжай балабақшасында меңгеруші қызметін атқарып келемін.