«Нұр-Бөбек» бөбекжай-бақшасы меңгерушісі
Сыдыкова Айдана Абдыкадыровна
Шымкент қаласының білім басқармасының №50 «Нұр-Бөбек» бөбекжай-бақшасы МКҚК меңгерушісі Сыдыкова Айдана Абдыкадыровна 1991 жылдың 14 тамызында дүниеге келген. 1997-2006 жылдары №25 Т.Рысқұлов атындағы гуманитарлық гимназия мектебінде білім нәрімен сусындаған. 2006 жылы №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектепті бітіріп шықты. 2006-2009 «Болашақ» колледжінде, 2009-2012 Шымкент университетінде, 2012-2016 жылдары Шымкент әлеуметтік-инновациялық университетінде оқыған.
2012 жылдан бастап еңбек жолын тәрбиеші қызметінде «Рахима Бегим» балабақшасында бастаған. 2017 жылы әдіскер қызметіне ауысты. 2018 жылдың мамыр айының 15 жұлдызынан №50 «Нұр-Бөбек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Қазақ тілі, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Қосымша ағылшын, түрік тілдерін біршама меңгерген.
2013 жылы отбасылы болған. Жолдасы дәрігер. 3-балалары бар.
Туыстарының ішінде істі болғандар жоқ.
Всего записей: 0
Сұрақ қоюшының аты-жөні: *

Сұрақ тақырыбы:

Сұрақ: *


Қойылған сұрақтар саны