Сырлыбай Ақерке Берекеқызы Сырлыбай Ақерке Берекеқызы
Қызметі Меңгеруші
Жасы 23.03.1992
ЖСН 920323401627
Санаты педагог-модератор
МДМ жалпы еңбек өтілі 7
Басшы қызметіндегі еңбек өтілі 3
Түсіндірме жазба.
«Талшын-ай» бөбекжай-балабақшасы ЖШС Шымкент қаласы Абай ауданы Кызылжар тұрғын алабы Фабрика көшесі 75 үйінде орналасқан. Балабақша Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы негізінде 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс жасауда.
Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, тәжірибелі тәрбиешілерден және медбикелерден құралып, жұмыс жасауда. Бөбекжай-балабақшада қазіргі таңда 4 топта 100 бала тәрбиеленуде.
Балабақша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандарты негізінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді. Оқу тәрбие процесінің тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі бағдарламалары: «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала», «Балақай» бағдарламалары.
Балабақша заманауи жабдықтармен жабдықталған, балалардың заман талабына сай білім алуына толық жағдай жасалған.
Балабақшаның жұмыс істеудегі негізгі мақсаты:
- Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу;
- Балабақшада баланың танымдық, рухани, зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін дамыту.
Балалардың білім деңгейін жоғарылату және оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында тәрбиешілер өздерінің тәжірибелік жұмысында арттерапия, құм, ертегі терапиясын қолдануда.
Балалардың дене шынықтыруына, дене бітімінін дамуына үлкен назар аударылған. Балаларды шынықтыру мақсатында тұзды-йод ерітіндісімен тамақты шаю, нүктелі массаж, тыныс алу жолдарын реттейтін жаттығулар өткізіледі. Жазғы мезгілінде бассеинде шомылу, жалаң аяқ жүру, күн және ауа ваннасын қабылдау жұмыстары тәжірибеге алынған.
Бөбекжай-балабақшада үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ас мәзіріне баланың өсіп жетілуі мен денсаулығын нығайту үшін түрлі тағамдар мен көкөністер қамтылған.
Бөбекжай-балабақшада өткізілетін барлық іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.
Бөбекжай-балабақша ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу барысында, балаларды Отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, ата-ананы сыйлауға, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеуде.
Балалардың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасалған.
Балаңыздың болашағы өз қолыңызда.