Шымкент қаласының білім басқармасының №118 "Әсел" бөбекжай-бақшасы"
Кулбаева Кзылгул Сейдакбаровна
Кулбаева Кзылгул Сейдакбаровна 07 қазан 1971 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді.Ұлты қазақ. Білімі жоғары .Мамандығы Ұлттық мектептердегі орыс тілі және әдебиеті мұғалімі. Мінезі сабырлы,ашық, тез шешім қабылдай білетін,ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары басшы.
Еңбек жолын Шымкент қаласы №118 «Әсел» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Кулбаева Кзылгул Сейдакбаровна 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы №61 «Золушка» балабақшасында тәрбиеші көмекшісі болып бастап, 1990 жылы тәрбиеші, 1992 жылы №50 мектепте мұғалім, 1994 жылы №61 «Золушка» балабақшасында әдіскер, 1995 жылы осы мекемеге меңгеруші, 2001 жылы №74 Бастауыш мектеп – балабақшасына директор болып қызмет атқарған. 2013 жылдан №74 «Айдана» бөбекжай-бақшасы ұжымына меңгеруші 04.03. 2022 жылдан бастап №118 «Әсел» бөбекжай бақшасында меңгеруші қызметін атқарып келеді.
Кзылгул Сейдакбарқызы өз мамандығы бойынша кәсiптiк шеберлiктi жақсы меңгерген. Ол басшылық жұмыста ұйымдастырушылық қабілетімен, талап қоя білуімен және оның орындалуын қадағалауымен ерекшеленеді. Білікті басшы ретінде педагогикалық кадрмен жұмыс барысында ұстаздардың жеке тұлғалық қабілеттерін есепке ала отырып, жұмысқа қабылдауда және жұмыс беруде нақты бағытталған жұмыстарды атқарып, жас мамандарға, сондай-ақ өз кәсіби деңгейін арттырамын деген педагогтарға жан-жақты қолдау көрсетеді.
Кзылгул Сейдакбарқызы мектеп жасына дейінгі білім беру мекемесі қызметінің бағытын, білім жүйесінде заман талабына сай жаңа әдістемелік кәсіптік бағыт-бағдарды жетік меңгерген маман.
Всего записей: 0
Сұрақ қоюшының аты-жөні: *

Сұрақ тақырыбы:

Сұрақ: *


Қойылған сұрақтар саны