Әлібай Наргиза Нұрланқызы Әлібай Наргиза Нұрланқызы ОҚО Сарыағаш ауданы, Абай ауылы, Қошқарата а/о – да 1995 жылдың 11 Қыркүйегінде дүниеге келген. 2016 жылы Шымкент қаласында «ААИУ» жоғарғы оқу орнын педагогика және психология мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017-2018 жыл Сарығаш қаласында №71 жалпы орта мектептің пед-психологы ретінде қызметін бастаған. 2018-2020 жылдың Қыркүйек айынан бастап Сарыағаш ауданының білім бөлімінің ішкі қауіпсіздік құжаттарын және арыз-шағымдарын реттеу операторы болып, кейіннен кадр бөлімінің маманы және ҰБТ-ке жауапты маманның қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентінің Сарыағаш ауданындағы комиссия мүшесінің қызметін қоса атқарған. 2020 жылдың Қазан айының 10 күнінен бастап бұрыңғы Нұрсұлтан қаласына қоныс аударып, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаментінің сарапшысы қызметін атқарған. 2021 жыл тұрмыс құрып, Сарыағаш қаласына қайта қоныстануына байланысты Сарыағаш ауданының адами әлеуеттік дамыту бөлімінде қызметін жалғастырған.
2023 жылдың Маусым айының 02 күнінен бастап Шымкент қ, ЖШС «Бақша» мектепке дейіңгі балалар орталығының меңгерушісі қызметін қазіргі таңға дейін атқарып келеді. Жұбайы Әсекенов Бекзат Сұлтанханұлы 31.01.1994 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2017 жылы Сарыағаш ауданының мәслихатында қызметін бастаған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Шымкент қаласында тұрады. Али-Мансұр атты бір ұлды тәрбиелеп отыр.