«Ұлпатай» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектелген серіктестігі
КҰСАЙЫНОВА Қорлан Мақсотқызы
КҰСАЙЫНОВА Қорлан Мақсотқызы – ғылым, білім және кәсіпкерлік салаларындағы маман.
1963 жылы 8 қаңтарда Орынбор облысында (КСРО) дүниеге келген.
Білімі:
- 1980-1985 жылдары – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, химия факультеті, Мәскеу қ.;
- 1985-1988 жылдары – Мемлекеттік химия және органикалық қосылыстар технологиясы ғылыми-зерттеу институтында аспирантура, Мәскеу қ.;
- 1988 жылы – Химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды, Мәскеу қ.
Мансабы:
- 1989 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында – А. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында Химия кафедрасының оқытушысы, Ақтөбе қ.;
- 1989-1998 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-да кіші ғылыми қызметкер, Алматы қ.;
- 1999-2008 жылдары – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Химия кафедрасының аға оқытушысы, доценті, Шымкент қ.
Кәсіпкерлік қызметі:
- 2009 – «1001 өнер» театр-көркемсурет салонының негізін қалаушы;
- 2016 – «Ұлпатай» ЖШС бөбекжай-бақшасының негізін қалаушы.
Жетістіктері:
- Республикалық және ресейлік журналдарда педагогика бойынша көптеген жарияланымдардың авторы.
Жеке өмірі:
- Тұрмыста, төрт баланың анасы.
Всего записей: 0
Сұрақ қоюшының аты-жөні: *

Сұрақ тақырыбы:

Сұрақ: *


Қойылған сұрақтар саны